Санжар Бокаев екі айға қамауға алынды

Санжар Бокаев екі айға қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2026 14:19 Сурет: Instagram/sanzhar_bokayev
Қазақстандық қоғам белсендісі Санжар Бокаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бокаевтың Алматыда ұсталғаны 2026 жылғы 18 наурызда белгілі болды. Сол кезде бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеме жасаған еді.

Бас прокуратураның түсіндіруінше, Бокаев "жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдар жариялады" деген күдікке ілінген.

2026 жылғы 31 наурызда қадағалау органының баспасөз қызметі белсендінің екі айға қамауға алынғанын нақтылады. Бұлтартпау шарасы 19 наурызда таңдалған.

"Алматы қаласының тергеу сотының қаулысымен Бокаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ 2026 жылғы 31 наурызда таңертең Алматы қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған танымал қазақстандық блогер Молдахан Әділетханның ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: