2026 жылғы 26 қарашада тергеу сотының санкциясымен Қ. Омарбеков пен Е. Байқұловқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Бұл шешім тағылған айыптың сипаты мен ауырлығын ескере отырып қабылданған. Сондай-ақ тергеу барысында ықтимал сыбайластар мен куәларға қысым көрсетуге, дәлелдемелерді және қылмыстық жолмен алынған мүлікті жасыруға жол бермеу мақсаты көзделген.
Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған процестік әрекеттер жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салайық, бұған дейін "Қазатомөнеркәсіп" басшылары ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасаған еді.