"Қазгидромет" болжамына сәйкес, жексенбі күні Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларында, сондай-ақ түнде Атырауда атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, баяу жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.