Қазақстандық жас режиссердің туындысы халықаралық фестивальде «үздік фильм» атанды

Zakon.kz
Кинофестивальді ұйымдастырушы «Lion Productions» кинокомпаниясы мен Халықаралық «Жас режиссер» киномектебі.
Татарстан астанасы Қазан қаласында өткен «СINEMA CAMP-2017» халықаралық кинофестивалінде қазақстандық жас режиссер Ақбөбек Төлжан «Отпан тау» тарихи деректі кино туындысымен «Ең үздік студенттік фильм» номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Baq.kz.

Автор қысқа метражды деректі фильмінде Маңғыстау жеріндегі «Отпан тау» тарихын көрсетіп, бүгінгі жас буынға тарихи мұраларға құрметпен қарап, қадірін білуге үндейді.

Бүгінде «Хабар» агенттігінде режиссер болып еңбек ететін Ақбөбек Нұрбаулықызы Төлжан болашақта тарихи фильмдерді молынан түсіруді армандайды.

Кинофестивальді ұйымдастырушы «Lion Productions» кинокомпаниясы мен Халықаралық «Жас режиссер» киномектебі.

Бұл кинофестивальге Ресей, Иран, Франция, Қазақстан, Иордания, Италия, Испания, Египет, Белорусь, Украина, Армения, Грузия, Қырғызстан, Эстония, Түркия сияқты елдерден 350 өтініш келіп түскен.



Фото: Baq.kz.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады