Ерке Есмахан “Қайда?” бейнебаянының жалғасын ұсынды

Zakon.kz
Ерке Есмаханның жаңа әні “КЗ жігіт” деп аталады.
Алматыда жоқ-жоқ, Астанада жоқ-жоқ! Ерке Есмахан болашақ жарына іздеу салғалы төрт айдың жүзі болды. Сонымен Ерке өмірлік серігін тапты ма? Оның таңдауы кімге түсті? Бұл сұрақтың жауабын жаңа бейнебаяннан іздеп көруге болады, - деп жазды Stan.kz.

Ерке Есмаханның жаңа әні “КЗ жігіт” деп аталады. Жаңа туындыда Ерке өзі ғашық жігіттің образын сипаттайды. Оның міндетті түрде ержүрек қазақ жігіті болатынын айтады.

Алайда қуануға асықпаңыз! Себебі Ерке әлі де сүйіктісін тапқан жоқ. Ерке оның атын да, жасын да білмеймін деп әндетті.

Әдеттегідей Еркенің шығармашылығына деген тыңдарманның қызығушылығы ерекше. Бұлай деуімізге бір себеп – жаңа клипті небәрі екі сағатта 60 мыңға жуық жан тамашалап үлгерген.

Бұл ретте тыңдармандар пікірі екіге бөлінген. Бірі “КЗ жігітінің” “Қайда?” сияқты хит болатынын айтса, екіншілері кереғар пікір білдіріп, сөз таластыруда.


Фото/Видео: Stan.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек