Әйгілі италиялық әнші Алессандро Димашты ғаламат дауыс иесі деп атады

ult.kz
Алессандро Сафина Инстаграм парақшасында Димаштың өткен жылы Қытайдағы «I am Singer» байқауында өнер көрсеткен видеоны бөліскен.

Италияның әлемге әйгілі опера және эстрада әншісі Алессандро Сафина Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті екенін жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайберген... Оның дауысын тыңдап көріңіз. Осыдан кейін оның қаншалықты ғаламат екеніне көзіңіз жетеді», - деп жазған Алессандро Сафина Инстаграмдағы парақшасында Димаштың өткен жылы Қытайдағы «I am Singer» байқауында өнер көрсеткен видеоны бөліскен.

Айта кетсек, лирикалық тенор даусымен әлемді мойындатқан италиялық әншінің атағы 1990 жылдардан бастап шыға бастаған. 1989 жылы ол Кати Риччарелли атындағы Халықаралық вокалды байқауда алғашқы жүлдесін жеңіп алғаннан кейін опера әлеміне жарқ етіп шыққан.

Алессандро Сафинаның «Insieme a te» атты альбомы әлемнің 30 еліне таралып, Бразилия мен Тайваньда альбом атаулының «алтын» тұғырына көтерілген. Әлемнің түкпір-түкпірін шарлаған италялық әнші Қазақстанға да бірнеше рет келіп, өнер көрсетіп кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады