Айман Мұсақожаева Қытайда концерт берді

Хабар 24
Классикалық музыка кешіне билеттер бір апта бұрын толығымен сатылып кеткен.

Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева Шанхай филармониясының шақыртуымен Қытайда концерт берді, деп хабарлайды Хабар 24.

Классикалық музыка кешіне билеттер бір апта бұрын толығымен сатылып кеткен. Тіпті қытайлық көрермендердің көп болғаны соншалық, ұйымдастырушылар қосымша орын әзірлеген. «Қазақстан-Қытай, достық жырына жазылған Ұлы Жібек жолының әуені» деп аталған кеш «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналып өткізілді. Оған Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы қолдау көрсетті. Концерт соңында Халық әртісі Евгений Брусиловскийдің «Бозайғырын» орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Жалпы, Шанхай филармониясының басшылығы бірлескен мәдени шараларды көптеп өткізуге ниетті. Тараптар жыл соңына қарай тағы бір шара ұйымдастыруға келісті.

- Мен классикалық музыканы жақсы көремін. Айман Мұсақожаеваның шығармашылығымен жақсы таныспын. Дегенмен бүгінгі концертте тың туындыларын тыңдап, ерекше ләззат алдым, дейді көрермен Ли Шыбо.

- Біздің үлкен жоспарларымыз бар. Кеше Шанхай консерваториясының ректоры Лин мырзамен жолықтық. Ол бізді осындағы концерт залында симфониялық студенттер оркестрімен келіп өнер көрсетуге шақырды, дейді ҚР Халық әртісі Айман Мұсаходжаева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі