Алматыда Олжас Сүлейменовтің шығармашылығына арналған көрме өтті
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Almaty Museum of Arts музейінде көрнекті ақын, қоғам қайраткері, дипломат әрі зерттеуші Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына арналған мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 1 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады:
"Жиынға мәдениет пен өнер қайраткерлері, жазушылар, архив ісінің мамандары және ақын шығармашылығының жанашырлары қатысты. Кездесуде Олжас Сүлейменовтің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі, қоғамдық қызметі және шығармашылық мұрасының маңызы сөз болды".
Іс-шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылық жолының әр кезеңінен сыр шертетін архивтік фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Бүгінде архив қорында Олжас Сүлейменовке қатысты жүзге жуық құжат сақтаулы.
Мәдени іс-шараны Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архиві Almaty Museum of Arts музейімен және ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Бұған дейін еліміздегі Ұлттық музейге жаңа мәртебе берілгені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript