"Славян базарында" Роза Рымбаева да, Димаш та қазылар алқасының құрамында болады

Тoday.kz
Халықаралық "Славянский базар 2018" байқауына биыл Қазақстан атынан Amre барады.

Димаш Құдайберген қазылар алқасында болатын "Славян базары - 2018" халықаралық ән байқауында Роза Рымбаева да төрелік етеді, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл туралы биыл "Славян базары - 2018" байқауына Қазақстанның атынан баратын әнші Amre Today.kz тілшісіне берген сұқбатында айтты.

"Димаш Құдайберген жасөспірімдер тобында төреші болады. Ал менің тобымда қазылар алқасында Роза Рымбаева отырады. "Славян базары" несімен ерекшеленеді? Әрине, әділдігімен. Бұрмалау деген болмайды. Роза Рымбаеваның қазылар алқасында отыратын қуанышты жағдай. Беделді кісі. Бірақ біріншіден Аллаға, екіншіден өзіме сену керек", – деді Әміре.

Естеріңізге сала кетейік, "Славян базары - 2018" байқауы 12-16 шілде аралығында өтеді. Осыған дейін де "Славян базары - 2015" байқауында жеңіске жеткен Димаш Құдайберген биыл осы байқаудың қазылар алқасының құрамына енгені туралы жазған едік.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев