Төлеубек Аралбай Қытайда өткен кинофестивальде үздік актер атанды

Вnews.kz
"Біздің қаланың ханзадасы" фильмінің түсіру жұмыстары Астанада және Ақмола облысының Бурабай ауылында өтті.

"Біздің қаланың ханзадасы" фильмінде басты рөлді сомдаған отандық актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Аралбай Қытайдың Циндао қаласында маусымның 13-і мен 17-і аралығында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдері кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі" жүлдесімен марапатталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Адигул продакшн" кинокомпаниясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Біздің қаланың ханзадасы" көркем фильмі жалғыздықтың күйін кешіп жүрген балалар үйінің 6-жасар тәрбиеленушісі мен қарттар үйінің ардагері арасындағы достығы туралы баяндайды.

Фильмнің режиссері әрі сценарий авторы – Қазақстанның халық артисі Талғат Теменов.

Фильмнің түсіру жұмыстары Астанада және Ақмола облысының Бурабай ауылында өтті. Картинаның тұсаукесері 2017 жылы 1 маусымда, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында өткен болатын. Ал қазан айында еліміздің кинотеатрларынан көрсетілді. Сонымен қатар, аталмыш кинотуынды қыркүйек айында Ресейде өткен ІІ Халықаралық "Еуразиялық көпір" кинофестивалінің негізгі бағдарламасы шеңберінде көрсетілген еді.

Айта кетсек, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдері кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына 23 кинолента қатысты, олардың арасында екі отандық картина көрсетілді. Жалпы кинофестиваль көрермендерінің назарына 60 картина ұсынды.

ШЫҰ аясындағы кинофестивальді ҚХР мемлекеттік кинематография басқармасы мен Шаньдун провинциясының әкімшілігі ұйымдастырып отыр.

"Біздің қаланың ханзадасы" - бұл Бибол есімді ерекше бала мен музыкант Қасымхан есімді қария туралы әсерлі оқиға. Фильмнің негізгі желісі - бала мен қарттың кездейсоқ кездесуі болып табылады. Фильмде бір-біріне мүлде бөтен бас кейіпкерлер фильм соңында бір-біріне етене жақын болып кетеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды