Димаш Игорь Крутой және Лолитамен түскен видеосын жариялады

Sputniknews.kz
Димаш Құдайберген "Новая волна" қызыл кілемінде тұрып, атақты композитормен шығармашылық жайында сөз қозғады.

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген танымал ресейлік композитор Игорь Крутоймен түскен видеосын жариялады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Димаш пен Крутой Сочидегі "Новая волна" халықаралық байқауының қызыл кілемінде шығармашылық жайында сөз қозғады. Олардың қасына танымал әнші Лолита келіп қосылды.

Бұдан бұрын Игорь Крутой "Новая волна" байқауындағы "А-Студио" тобының шығармашылығына арналған концертте Димаш ән шырқағанда орнынан тұрып қошемет көрсеткен еді.

Димаш Құдайберген биыл алғаш рет "Новая волна" сахнасында өнер көрсетіп, жұртты тамсандырды. Бірінші күні әнші "Грешная страсть" әнін орындап, Николай Басков пен Филипп Киркоров сынды басқа да ресейлік әртістердің ыстық ықыласына ие болды.

Жабылу салтанатында Димаштың микрофоны әуелгіде қосылмай қалды, алайда дарынды әнші еш сыр білдірмей, әнін жалғастыра берген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда