Аша Матай: Мен керемет дауыс иесі емеспін

Stan.kz
Тележүргізуші отбасын құрғаннан кейін өзінің қалай өзгергенін айтып берді.

10 жылға жуық Mysterions тобында, онымен қоса соңғы жылдары жары Ашамен жұп болып сахнаға шығып жүрген Арман Қоңырбаев енді жеке әнші ретінде танылмақ. Ара-тұра ән жазумен айналысатын Арман алдағы уақытта елді тағы да басқа өнерімен таңғалдырмақ ниетте, деп жазады Stan.kz.

“Бұрыннан жеке әнші ретінде шығу ойында болатын. Мен керісінше, “сені қызғанамын, бірге айтайық” деп тоқтатып жүретінмін. Қалжың (күліп). Иә, дуэт болып ән шырқадық. Бірақ кейін Арманды кері тартып жатқан сияқтымын деп ойладым. Неге десеңіздер, мен кәсіби әнші емеспін. Керемет дауыс иесі емеспін. Өзіме тән әдемі дауыс ырғағым бар, әрине. Дегенмен, “Сен менен асқан әншісің. Шыққаның дұрыс болар”, – дедім. Сөйтіп өзі шешті”, – деп түсіндірді Аша.

Сондай-ақ, тележүргізуші отбасын құрғаннан кейін өзінің қалай өзгергенін айтып берді.

“Салмақты бола түстім. Жас болған кезде ойыңды бетке айта саласың. Тұрмыс құрғаннан кейін, балалы болғаннан кейін әйел адамға жараспайды. Арман салмақты болғаннан кейін, мен де оның қасында өзімді солай ұстаймын. Ал Арман керісінше, ашылып, кішкене әзілдейтін болды”, – дейді Аша.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған