“Қайда” хитінің авторы: Әнімді Еркеге бергеніме өкінемін, енді өзім орындасам деймін

Stan.kz
I am a Singer жобасына қатысқан Диана композитор ретінде тасада қалып қойғысы келмейтінін, алдағы уақытта өз әнін өзі орындағысы келетінін жеткізді.

Ерке Есмаханның орындауындағы әйгілі “Қайда” хитінің авторы отандық музыкалық жобада бағын сынап көрді. Диана Исмаилова Еркеге ренішті екенін және оған төл туындысын бергеніне өкінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

I am a Singer жобасына қатысқан Диана композитор ретінде тасада қалып қойғысы келмейтінін, алдағы уақытта өз әнін өзі орындағысы келетінін жеткізді.

“Бұл әнді өзіме арнап жазғанмын. Бір күні студияда жаздырып жатқанымды, Ерке Есмахан естіп қалып, маған берші деп өтінді. Бірақ кейін бергеніме өкініп қалдым. Реніш болды. Себебі бір бағдарламада әннің сөзі толықтай Қайнар Алагөзовке тиесілі дегенді көрдім”, - дейді Диана Исмаилова.

Сөйтіп іріктеу кезеңінде дәл осы “Қайда” әнін орындады. Алайда Еркені табысқа жетелеген ән Диананың өзіне сәттілік сыйламады. Себебі көрермендер Исмаилованың өнеріне жеткілікті дәрежеде баға бермеді. Бұл ретте Сәкен Майғазиев пен Мақпал Исабекова Диананың өтпей қалғанына өкініш білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды