Әбдіжаппар Әлқожа тағы да ән ұрлағанын мойындады

Stan.kz
Аталған әнді бұған дейін белгілі хитмен Ернар Айдар да орындаған.

Түріктің әнін рұқсатсыз алып, бұдан былай ұрлық жасамауға уәде берген Әбдіжаппар Әлқожа сөзінде тұрмады. Ол әзірбайжан ұлтының әнін ұрлап, бұл ісін мойындады, деп жазады Stan.kz.

“Бұл ән өзіме қатты ұнады, қатты жақсы көрдім. Орындағым келді. Репертуарымда әзірбайжанның бір әні болса, қате болмайтын шығар дедім”, – дейді әнші.

Аталған әнді бұған дейін белгілі хитмен Ернар Айдар да орындаған.

“Көпшілігіңіз білесіздер. Ұнаса өте қуаныштымын. Ән ортақ, музыка ұлтқа бөлінбейді деп жатамыз ғой. Мына бала енді ұрламаймын деп еді, тағы ұрлапты ғой десеңіздер, тағы бір мойындайын”, – деген Әбдіжаппар аталған туындыны қатты ұнатып қалғанын айтты.

Ал тыңдармандар Әбдіжаппарға осындай стильдегі әндердің жарасатынын айтып, оң бағасын берген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады