Д.Құдайберген Лондондағы концерттен түскен қаражатты жас таланттарды қолдауға жұмсамақ

Хабар 24
Димаш Құдайберген Лондондағы Royal Festival Hall залында жеке концертін бермек.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Лондонда өтетін қайырымдылық концерттен түсетін қаражатты Қазақстанның жас таланттарын халықаралық маңызды байқауларға қатыстыруды қолдау үшін жұмсамақ, деп жазады Хабар 24.

Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында жариялады.

Айта кеткен жөн, Димаш Құдайберген Лондондағы Royal Festival Hall залында жеке концертінін беретінін хабарлаған болатынбыз.

"Уәде етілгендей, мен сіздерге Ұлыбританиядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында 19 қараша күні Лондонда қайырымдылық мақсатта өтетін концертім жөнінде ақпарат беремін. Коммерциялық емес концерттің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, шара Ұлыбританидағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен өтеді. Жиналған барлық қаражат Қазақстанның жас таланттарын халықаралық маңызды байқауларға қатыстыруды қолдау үшін жұмсалады. Концерт өтетін Royal Festival Hall мекемесі тіркеу жүргізумен айналыспайды! Концертке қатысты барлық ресми ақпарат @kazauenderi аккаунттарында", - деді ол өзінің парақшасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев