Мэрилин Монро бейнесіндегі қуыршақ таныстырылды
Сурет: shop.mattel
Америкалық ойыншық өндіруші Mattel киноактриса әрі әнші Мэрилин Монро бейнесіндегі Barbie қуыршағын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компанияның мәліметінше, қуыршақ аты аңызға айналған актрисаның 100 жылдығына орай шығарылған. Ол Монроның 1953 жылы жарық көрген "Джентльмендер аққұбаларды ұнатады" фильміндегі бейнесін қайталайды.
Қуыршақ актрисаның фильмдегі әйгілі қызғылт көйлегіне ұқсас киіммен бейнеленген. Арқасында үлкен банті, сәйкес қолғаптары және "гауһар" әшекейлері бар.
Жақында жанкүйерлерге арналған шарада Disney студиясы танымал "Зверополис" анимациялық фильмінің үшінші бөлігін өндіріске жіберетінін жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
