Белгілі әншінің құрметіне Барби қуыршағы шығарылды

Белгілі әншінің құрметіне Барби қуыршағы шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 10:53 Сурет: Instagram/barbie
1 шілдеде Mattel компаниясы америкалық танымал әнші Майли Сайрус бейнесіндегі арнайы Барби қуыршағын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

33 жастағы әншінің әлеуметтік желіде жазуынша, ол ойыншықтың сыртқы келбетін әзірлеуге жеке өзі қатысқан. Қуыршаққа әншінің Golden Burning Sun бейнебаянында киген сахналық киімінің дәл көшірмесі саналатын арнайы тігілген костюм кигізілген.

Белгілі әншінің құрметіне Барби қуыршағы шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 10:53

Сурет: Instagram/barbie

"Өзімнің Барби қуыршағымның жарыққа шығуы – көптен бергі арманым", – деді Майли Сайрус.

Әншінің айтуынша, ол бала кезінен Барби қуыршақтарын жинауды жақсы көрген. Сондықтан бұл оқиғаны өміріндегі ерекше әрі маңызды кезеңнің символдық қорытындысы деп есептейді.

"Бала кезімде Барбидің шашын өріп, киімдерін ауыстырып ойнайтынмын. Ересек болған соң да жеке коллекциямды көзімнің қарашығындай сақтап келемін, тіпті қуыршақтарды қорабынан шығармаймын. Ал енді өз бейнемдегі Барби қуыршағын қолыма ұстау – мен үшін ерекше сәт. Бұл уақыт шеңбері тұйықталғандай әсер қалдырады", – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Роналдуның сүйіктісі бизнеске қадам басқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: