Роналдуның сүйіктісі бизнеске қадам басты
Сурет: Instagram/georginagio
Атақты футболшы Криштиану Роналдуның сүйіктісі Джорджина Родригес өзінің жеке киім брендін іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның әлеуметтік желідегі соңғы жарияланымдары мен арнайы ашылған Instagram-дағы бизнес-парақшасына қарағанда, Джорджина негізінен бірінші класпен саяхаттауға арналған қарапайым әрі ыңғайлы спорттық киімдер шығаруды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда топтамада 90-ға жуық өнім бар. Олардың қатарында түрлі түстегі топтар, леггинстер және спорттық шалбарлар ұсынылған.
Брендтің негізін қалаушының жоспарына сәйкес, жаңа киім желісі Ким Кардашьянның киім брендімен бәсекелесуді көздейді. Коллекциядағы өнімдердің орташа бағасы шамамен 100 АҚШ долларын құрайды.
Бұған дейін Швециямен кездесуде Килиан Мбаппе Франция құрамасын жеңіске жетелеп, дубль авторы атанғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
