Швециямен кездесуде Килиан Мбаппе Франция құрамасын жеңіске жетеледі
Сурет: Instagram/equipedefrance
Ойын АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы "Метлайф" стадионында өтті. Чемпионат басылымының жазуынша, кездесуге Нидерландтан келген бас төреші Данни Маккели жетекшілік етті.
Матчта Франция құрамасы 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Француздар сапында Килиан Мбаппе екі гол соғып, дубль авторы атанды. Тағы бір голды Брэдли Баркола соқты.
Осы жеңістің арқасында Франция құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Келесі кезеңде олар 5 шілде күні Парагвай құрамасымен кездеседі.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы.
Бұған дейін аты аңызға айналған футболшы жарыс жолынан шығып қалған Германия құрамасын аяусыз сынға алғанын жазғанбыз.