Қазақстан – Лихтенштейн: қазақстандықтардың 2026 жылғы Әлем кубогына іріктеудегі жеңісі

Қазақстан – Лихтенштейн: қазақстандықтардың 2026 жылғы Әлем кубогына іріктеудегі жеңісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2025 10:31 Сурет: Instagram/kff_team
26 наурызға қараған түні футболдан Қазақстан мен Лихтенштейн құрамалары 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші матчын өткізді деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу Лихтенштейн астанасында Вадуцтағы "Рейнпарк" стадионында өтіп, ойын Қазақстанның пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймның соңында Максим Намородов есеп ашты. Бұл оның Қазақстан құрамасы үшін төртінші голы.

Содан кейін бірінші таймның өтелген уақытында 34 жастағы Александр Марочкин гол соқты. Бұл оның Қазақстан құрамасы үшін 51-ші матчы және алғашқы голы.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Әлем кубогына іріктеу кезіндегі бірінші матчын Уэльс командасымен өткізген болатын. Ол кезде біздің футболшылар 1:3 есебімен жеңіліп қалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: