Бағдат Мусин: "Қазақтелекомның" бизнеске арналған 4 жаңа бұлтты сервисін іске қостық
Бұл шешімдер отандық компаниялар мен мемлекеттік органдарға деректерді басқаруды жеңілдетіп, ресурстарға кететін шығын мен шетелдік провайдерлерге тәуелділікті азайтуға көмектеспек. Телекоммуникация операторы жаңа қызметтің барлық артықшылықтары мен мүмкіндіктерін болашақ пайдаланушыларға таныстырды. Aitu.Cloud Day жаңа сервисінің тұсаукесері аясында сала мамандары қызметтерді сынақ ретінде пайдалану үшін 20 000 және 100 000 теңгеге арнайы промокодтар алды.
Қазақтелеком барлық жаңа 4 сервисін Aitu.Cloud сауда маркасымен нарыққа ұсынды. Kubernetes as a Service контейнерленген қосымшаларды шапшаң басқаруға мүмкіндік берct, Compute Cloud өнімділігі жоғары есептеу қуатын қамтамасыз етеді. S3 Object Storage масштабталатын мұрағаттарды құру мүмкіндігімен үлкен көлемдегі деректердің берік сақталуына кепілдік береді, ал Database as a Service бизнесті жеке қызметтерді іздеп, пайдалану қажеттілігінен босатып, дерекқорлармен жұмыс істеуді оңтайландырады.
Сурет: "Қазақтелеком" АҚ Коммуникациялар және брендті дәріптеу департаменті
Барлық қызметке ismet.kz бизнес платформасы арқылы қосылуға болады, бұл компанияларға қажетті қызметтерді өз бетінше таңдап, конфигурациялауға мүмкіндік береді. Осы aitu.cloud платформасы мен бұлтты басқару тақтасының көмегімен пайдаланушылар ресурстарды оңтайлы басқарып, тұтыну туралы есептер алады, әрі қызмет конфигурацияларын қосып, өзгерту де оңай. Интуитивті интерфейс бұлттық қызметтермен жұмыс істеу үшін барлық қажетті құралдарға ыңғайлы және жылдам қол жеткізбек.
"Сервис сапасын жоғары деңгейде ұстаумен қатар, қазақстандық компанияларға қазіргі заман талабына тез, әрі тиімді бейімделуге мүмкіндік беретін жаңа әзірлемелерді енгізу маңызды. Біздің жаңа бұлттық қызметтеріміз осы Стратегияның негізгі элементі болып табылады және олар бизнеске цифрлық трансформация процестерін жеделдетіп, нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектесетініне сенімдімін. Қазір сервистерді іске қосудың басында біз компанияларға оларды "біріктіруді" және қосымша сервистерді пайдаланып, дамытудың ыңғайлы тәсілдері жөнінде өз пікірлерін сұрадық. Біз барлық түсініктемелерді қарастырамыз және оларды сервистерімізді дамыту үшін барынша пайдаланамыз деп уәде беремін", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Сурет: "Қазақтелеком" АҚ Коммуникациялар және брендті дәріптеу департаменті
Жаңа қызметтер жеке компанияларға да, мемлекеттік құрылымдарға да бағытталған, бұл оларға ресурстарды үнемдеп, жергілікті ұйымдар үшін өте маңызды деректердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша шетелдік шешімдерге тәуелділікті азайтады, әрі ел ішіндегі деректерді бақылауды күшейте түспек. Сонымен қатар, өз-өзіне қызмет көрсетудің және ресурстар кеңеюінің артықшылықтары бұл шешімдерді операциялық шығынның төмендеуін қалайтын компаниялар үшін өте қолайлы етеді.
"Бұл бұлтты сервистер қазақстандық бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың қажеттіліктерін ескере отырып әзірленді. Қазақтелекомның сенімді инфрақұрылымы олардың жоғары өнімділігі мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Біз бұлтты шешімдерге сұраныстың артып келе жатқанын көріп отырмыз және өнімдеріміз бұл сұранысты барынша тиімді қанағаттандыруға арналған", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Ақпараттық технологиялар дивизионының бас директоры Марат Әбділдабеков.
Осы сервистерді әзірлеуде "Ақылды қалалар" ЖШС - "Қазақтелекомның" серіктесі болып
табылады. Бұл ынтымақтастық Қазақстандағы цифрландыру үдерістерін жеделдететін шешімдерді құрып, енгізуге
бағытталған. Жергілікті инфрақұрылымға негізделген қызметтер тұтынушыларға
бейімделу және қауіпсіздік тұрғысынан айтарлықтай артықшылықтар береді.
"Қазақтелекоммен арадағы әріптестігіміз қазақстандық экономиканың дамуына ықпал ететін және шетелдік жеткізушілерге тәуелділікті төмендететін цифрлық шешімдер жасауға бағытталған. Біз бұл сервистер бизнеске өзінің цифрлық активтерін басқаруда неғұрлым икемді және тиімді болуға көмектесетініне сенімдіміз", - деп атап өтті "Ақылды қалалар" ЖШС Бас директоры Нұртай Әбілғалиев.
Тұтастай алғанда, барлық жаңа қызметтер компанияларға цифрлық өнімдері мен деректерін кеңейтіп, тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл қызметтердің түп тамырында тұрған технологиялар бизнестің нақты міндеттерін оңай басқарып, жедел өзгерістерді қамтамасыз етеді.
Сурет: "Қазақтелеком" АҚ Коммуникациялар және брендті дәріптеу департаменті
"Қазақтелеком" – еліміздегі ең ірі дата-орталықтар желісіне ие Қазақстанның ірі телекоммуникациялық компаниясы. Виртуалды серверлер мен виртуалды деректер орталықтарын жалға алу, Anti-DDoS және басқа қауіпсіздік қызметтері, сондай-ақ виртуалды хостинг, домендік атаулар, ақылды телефония сияқты бұлтқа негізделген бизнес шешімдерін ұсынады. Компанияның деректер орталықтары базасында іске асырылған қызметтер мемлекеттік және банктік құрылымдар, сондай-ақ ірі бизнес өкілдері үшін кез келген күрделі жобаны өрістетуге мүмкіндік береді. Бүгінде оператордың деректер орталықтары мемлекеттік компаниялар, ірі отандық және шетелдік бизнесті таңдайды. "Қазақтелекомның" деректерді өңдеу орталықтарында Google, Facebook, Akamai, Youtube, Megogo, Wargaming және т. б. сияқты алпауыт компаниялардың инфрақұрылымы орналасқан.
Сурет: "Қазақтелеком" АҚ Коммуникациялар және брендті дәріптеу департаменті
"Ақылды қалалар" ЖШС - BTS digital компаниялар тобына кіреді. Бүгінде компаниялар тобы бірқатар
ауқымды әлеуметтік маңызды жобаны сәтті жүзеге асырды, олардың ішінде Digital
ID цифрлық сәйкестендіру, Aitu Passport, Aitu superapp платформасы, жедел
төлемдер жүйесі және e-Otinish сервисі бар.
ismet.kz – Қазақстан кәсіпкерлеріне серіктестер іздеуге, тауарлар мен қызметтерді өркендетіп, АТ-ресурстарын басқару құралдарын ұсынатын, бизнесті дамытуға арналған "Қазақтелеком" платформасы. Бұл толыққанды В2В маркетплейсі, онда кәсіпкерлер өз бизнестерін нөлден бастап құра алады немесе оны әртүрлі қызметтер арқылы өңдей алады. Негізгі құралдардың бірі – Ismet Partner, онда 100-ден астам компания клиенттік базаны кеңейтуге және сенімді серіктестерді табуға тіркелген. Барлық пайдаланушылар ЭЦҚ-мен міндетті тексеруден өтеді, бұл мәмілелердің қауіпсіздігі мен ашықтығына кепілдік береді.