Геннадий Головкиннің бокс қолғабы музей қорына тапсырылды
Сурет: Instagram/gggboxing
Қазақстанның аңызға айналған боксшысы Геннадий Головкин өзінің бокс қолғабын Қазақстан Ұлттық ұланының Орталық музейіне табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл спорттық жәдігердің музей қорына тапсырылуы тек музей үшін ғана емес, әскери қызметшілер үшін де маңызды әрі ерекше оқиға болды.
Экспонаттың құндылығын арттыра түсетін тағы бір ерекшелік – оның бетінде Геннадий Головкиннің өз қолтаңбасы бар.
"Бұл жәдігер музей қорында сақталып, ұрпақтар сабақтастығының символына айналады. Сонымен қатар жас әскери қызметшілерді жаңа жетістіктерге жігерлендіретін ерекше мұра болады", – делінген Ұлттық ұланның хабарламасында.
Бұған дейін Дастан Сәтбаев жанкүйерлеріне үндеу жасағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
