"Үйімізге ораламыз": Геннадий Головкин Қазақстанға келеді
Сурет: Instagram/gggboxing
Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин шілде айынан бері алғаш рет әлеуметтік желіге фото жариялады. Ол үйіне келетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйгілі боксшының 8 қыркүйек күні Instagram-дағы парақшасына бөліскен фотосында ол өзінің сыңары Максиммен бірге тұр.
"Жақында үйімізге ораламыз. Ең әуелі, футболдан ұлттық құрамамызды қолдап, жанкүйерлер жанынан табыламыз", - деп жазды Геннадий Головкин фото сипаттамасына.
Сонымен қатар боксшы сипаттамаға Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы парақшасын атап өтіп, #EURO2024 хэштегін қосқан.
Геолокацияға қарағанда, ол ағасымен бірге әлі Нью-Йоркте. Бірақ 10 қыркүйек күні сағат 19.00-де өтетін 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Ирландия құрамалары арасындағы матчқа бармақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript