Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Сурет: Instagram/gggboxing
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстанның 2023 жылғы бокстан әлем чемпионатындағы табысына пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
14 мамырда Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54-ке дейін), Асланбек Шымбергенов (71-ге дейін) және Нұрбек Оралбай (80-ге дейін) Ташкентте әлем чемпионы атанды, Дулат Бекбауов (67-ге дейін) күміс жүлдегер атанды.
Головкин Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстан құрамасын тарихи жетістігімен құттықтады.

Сурет: Instagram/gggboxing
Сондай-ақ IBF, WBA және IBO тұжырымдары бойынша екі дүркін әлем чемпионы Twitter-де жаттықтырушылар еңбегін бөлек атап өтті.
Отдельно хочу отметить весь тренерский штаб. Отличная работа👏🏻 Удачи в подготовке к Олимпийским играм✊🏻🇰🇿 pic.twitter.com/V1d0rOoGT6
— Gennadiy Golovkin (@GGGBoxing) May 15, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript