Кэти Топурия қазақ тілінде ән айтты
Сурет: Instagram/keti_one_official, baigali_astudio и astudio_group
39 жастағы грузин әншісі 18 тамызда қазақ тілінде ән айтып, оған билеп тұрған видеосын жариялады.
Жаңа композиция "Jañbyrdan soñ" ("Жаңбырдан соң") деп аталады. Әннің мәтініне қарағанда, топ бұл шығармасын "сүйікті қаласы Алматыға" арнаған.
Кэти Топурияның қазақ тілінде ән айтқан видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше ықыласына бөленді. Қазақстандықтар әншіні мақтап, оған қазақ тілінде ән айту өте жарасатынын жазды. Сондай-ақ олар "А’Студио" тобын және жаңа әнді қолдауға шақырды.
Желі қолданушыларының пікірлері арасында:
- "Уау, қандай әдемі!"
- "Кэти керемет!"
- "Жаздың басты хиті".
- "Түсініксіз, бірақ өте әдемі".
- "Қазақтар мен грузиндер – мәңгілік бауырлар".
- "Керемет! Бәріміз бірге қолдайық".
- "Қазақ тілінде ән айту сізге сондай жарасады".
- "Керемет туған тіліміз – қазақ тілі".
- "Керемет ән, Кэти де тамаша!"
- "Мен татар болсам да, барлық сөзін түсіндім! Өте әдемі!"
- ""А’Студио" тобының өз тамырын ұмытпайтыны қатты ұнайды".
- "Тыңдау қандай жағымды! "А’Студио" қазақ тілінде ән айтпағалы көп болды!"
- "Грузин акцентімен айтылған қазақ тілі – күтпеген, ерекше әрі өте әдемі".
- "Кэти орындаған кез келген ән – хит. Ал қазақ тілінде болса, екі есе керемет".
Айта кетейік, "А’Студио" тобының негізін қалаушы әрі музыкалық жетекшісі – қазақстандық музыкант Байғали Серкебаев 2026 жылдың ақпанында Батырхан Шүкеновпен бірге түскен 38 жыл бұрынғы сирек фотосын жариялап, желіде үлкен қызығушылық тудырған еді.