Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" арнасында көш бастады

zakon.kz
Польша, Болгария, Австралия және басқа елдердің тыңдармандары 12 жастағы қазақстандықтың дауысына тәнті болды.

Қазақстанның жас әнші қызы Данэлия Төлешованың бейнебаяны "Балалар Евровидениесі" бойынша бәсекелестерінің музыкалық роликтерінен басып озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жобаның ресми арнасында қазақстандықтың орындауындағы әнді 71 мыңнан астам көрермен тамашалаған.

Данэлия Төлешова Минскіде өтетін "Балалар Евровидениесіне" алғаш рет қатысып, "Өзіңе сен" әнін орындайды. Клип YouTube арнасында бір апта бұрын шыққан.

Кішкентай қыздың дауысына Польша, Болгария, Австралия, Испания және басқа елдердің тұрғындары тәнті болды.

15 жасқа толмаған жас жұлдыздар 25 қарашада әлемнің түкпір-түкпірінен Беларусь еліне жиналып, "Минск Аренада" мыңдаған көрермен алдында музыкалық қабілеттерін паш етеді.

Байқаудың ұраны - "Light up!", "Жарқыра!" деген мағынаны білдіреді.

Қазақстанның намысын "Голос. Дети. Украина" байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешова қорғамақ. 12 жастағы әнші сөзін ақынмен бірлесе отырып жазған әнді орындайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі