Танымал ақын Абдрахман Асылбеков өмірден озды

stan.kz
Суыт хабарды елге Мейрамбек Бесбаев жеткізді.

Белгілі ақын, көптеген өлеңдердің авторы Абдрахман Асылбеков өмірден озды. Қаламгер 80 жасында дүние салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Суыт хабарды елге Мейрамбек Бесбаев жеткізді.

“Бүгін ақын Абдрахман Асылбеков ағамыз дүниеден өтті. Алла алдынан жарылқасын. “Бозторғаймен” көкке самғатқан ағамның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын”, – деп өкініш білдірді Мейрамбек.

Айта кетейік, Абдрахман Асылбек 1938 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданының Үшарал ауылында дүниеге келген.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мектепте мұғалім, әр жылдары газет-радиоларда, отандық баспаларда жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінде бас редакторы болған, одан бертін бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Абрахман Асылбектің еғ алғашқы “Жапырақтар” атты өлеңдер жинағы 1961 жылы жарыққа шыққан. Сондай-ақ, қаламгердің шығармашылығында сықақтар, мысалдар, ертегілер мен повестер бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі