Үлкен қызымен жарыса билеген Тұрсынбек Қабатов желіні жарды

Stan.kz
Тұрсынбек тұңғыш қызы Әдемімен бірге сахнаға шығуға дайындалып жүр.

Еліміздегі ең танымал актерлердің бірі Тұрсынбек Қабатов балаларының өнерге қадам басуына қарсы емес сыңайлы. Жақында 5-ші мәрте әке атанатын Қабатовтың перзенттері өнерден құр алақан емес. Тұңғышы Әдемі би билесе, ортаншы қызы Айым ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатында өнер көрсеткен болатын, деп жазады Stan.kz.

Ал үшінші қызы Ninety one тобына пародия салып, желі жұлдызына айналған болатын.

Айтпақшы, Тұрсынбектің жары Мөлдір де өнерден кенде емес. Бір кездері ол жұбайының концертінде фортепианода ойнаған болатын.

Бұл орайда Тұрсынбектің тұңғыш қызы Әдемімен бірге сахнаға шығуға дайындалып жүргенін айта кетейік. Желіде пайда болған мына видеода әкесі мен қызы жердің шаңын шығарып билеген. Желі қолданушылары Қабатовтардың бұл өнерін де жоғары бағалауда.

“Әкесі мен қызының биін саxнада тамашалағыңыз келеді ме?Дайындалсын ба, ағайын?” – дейді Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды