​Қайрат Нұртасты «№1» деген Алтынай Жорабаева жұртқа жақпай қалды

ernur.kz
Арасында Димаш пен Қайраттың өздеріне тән дауысы мен ерекшеліктері бар екенін айтып басу айтқандар болды.

Танымал әнші Алтына Жорабаева Қайрат Нұртасты «№1» дегені үшін сынға қалды деп жазады ERNUR.KZ.

Қайраттың концерттегі шырқаған әнінің бейнежазбасын инстаграм парақшасына салып, «Керемет концерт! Жаным сол, Алла тіл-көзден сақтасыншы. @kair_n Мен үшін Номер 1» деп жазғанына көптеген оқырмандары келіспеді.

«Қазақстан бойынша номер 1», «Димаш номер 1, Қайрат соған жетіп алсын, ренжімеңіздер», «фонограммамен ән айтатын әнші 1 емес», «Димашқа жетпейсіңдер» деп пікір жазды оқырмандар. «Димаштың Песня годадағы айтқанын неге осылай шығармайсыздар парақшаларыңызға? Ресейліктер тік тұрып қошемет көрсетіп жатыр, сіздер неге көрмейсіздер ондайды?» деп ашына жазды желі қолданушыларының бірі.

Арасында Димаш пен Қайраттың өздеріне тән дауысы мен ерекшеліктері бар екенін айтып басу айтқандар болды. Екеуін бөліп-жаруға келіспейтіндер де өз ойларын ортаға тастады.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі