Джеки Чан Димашты өз үйінде қонақ қып күтті

Суретті көрген желідегілер: "Димашты қонақ еткен Джеки Чан қазақы дәстүрмен оған сарқыт та беріп жатқан секілді" деп топшылапты.

Әлемге танымал актер Джеки Чан Димаш Құдайбергенді қонақ етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Джеки ағасының үйінде қонақта болған Димаш мұның дәлелі ретінде бірнеше суретті желідегі парақшасында жария етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Концерттен кейiн Джеки ағаның бөлмесiнде. Концерттi аман- есен аяқтап ағамен әңгiмелесiп отырған сәт. @jackiechan ______________________________ В комнате Джеки аға после концерта. Момент, где мы беседуем после удачного окончания концерта. ______________________________ In Jackie's room after the concert. I had a great time talking to my brother after the successfully held concert #DQ #dears

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Димаш бұл жолы Қытайға Джеки Чан экшн-фильмдері V халықаралық фестивалінің ашылу салтанатында өнер көрсету үшін барған. Димаштың өнеріне тәнті болған Джекидің видеосы да желілерде кеңінен тараған еді. Видеодан актердің "өкіл балам" деп атап кеткен Димашқа дән риза болып отырғанын көруге болады.

Суреттердің бірінен әншінің қолынан жылтыр ораманы көруге болады. Ал Димаш қолын кеудесіне апарып, актер ағасына алғыс білдіріп жатыр. Осыны көрген желідегілер, Димашты қонақ еткен Джеки Чан қазақы дәстүрмен оған сарқыт та беріп жатқан секілді деп топшылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: