«Байқұстар сұраған!..». Роза Рымбаева қалыңмал сұрайтындарды ұялтып тастады

vlast.kz
Роза Рымбаева күйеужігіттен ашықтан ашық ақша талап ету дұрыс емес екенін, тіпті оның ұят жайт екенін айтады.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева қалыңдыққа ашықтан ашық нақты сомада қалыңмал сұрау - ұят нәрсе деп санайды. Әнші бұл пікірін "Айта берсін" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақтарда байырдан қалыптасқан қалыңдыққа қалыңмал беру дәстүрі бүгіндері де жалғасып келеді. Жары етпес бұрын жігіт қалыңдығының ата-анасы алдында жығылып барып, киім-кешек, алтын-күміс әшекейден түрінде кит беріп, қалыңмал үшін олардың қолына ақша да ұстатады. Мұның бәрі "Ұзату тойы" алдында болады, яғни құдалардың аяғына жығылып барып, қалыңдықты алып кетер кезде.

Осыған қатысты пікір білдірген Роза Рымбаева күйеужігіттен ашықтан ашық ақша талап ету дұрыс емес екенін, тіпті оның ұят жайт екенін айтады.

"Менің қызыма мынанша-мынанша дүние әкел деп ашықтан-ашық талап ету – ұят нәрсе. Бұрындары кедей қазақ өзінің жағдайын түзеу үшін қызын байға сатқан. Байғұс байдан мал алған, сөйтіп өзінің жағдайын жасаған",- дейді ҚР Халық әртісі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс