"Қазақ тіліне реформа керек деп, латын әліпбиіне қарсымын деп, өзбектердің латынға көшуі сәтсіз болды деп 10 жылдан бері жазып келемін", дейді журналист және тіл маманы Дастан Елдесов.
Оның сөзінше, Өзбекстан халқының басы бөлігі латын әріптеріндегі жаңа жазуға әлі үйрене алмай келеді. Ал біздің лингвистер сауатсыз жасалған Қарақалпақтың латын әліпбиін көшіре салды.
- Тіл деген тірі азға. Латын әріптері түріктерге жағып, пайдасын тигізсе, өзбекке зиян болды. Біз болсақ алдымен ойластырылмаған әліпби енгізіп, енді сөздерді соған лайықтап отырмыз. "Әріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола әріпті бұзып өзгертуге болады" деп Ахмет Байтұрсынов айтып кеткен, - дейді ол.
Осы латын әліпбиімен әлі үлкен проблема болады, деп ескертеді ол.
- Қазақ тіліндегі халықаралық терминдер мен сөздердің қолданысы үлкен проблема туғызады, білім мен ғылым дамымай қалады. Латын әріптері жаңа технологияларға жақындатады деген ақымақтың сөзі. Ал орыстың ықпалынан құтылу үшін әліпби ауыстыру емес, ЕАЭО одағынан шығу керек, - деп жазады маман.