Жаңа Конституцияны қолдау: танымал өнер жұлдыздары "Халықтың Ата Заңы" әнін орындады

Өнер жұлдыздары, Халықтың Ата Заңы, әнұран, жаңа Конституция, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2026 16:15 Сурет: referendum2026.kz
Қазақстанның мәдениет және өнер саласының белді қайраткерлері еліміздің жаңа Конституциясына арналған "Халықтық Ата Заңы" атты ортақ әнді бірге шырқады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қоғамның көрсеткен қолдауының айқын көрінісіне және азаматтық бірліктің символына айналды.

Гимн сөзін – Арман Манарбекұлы, әнін Асқар Әбдиев, Арман Мұқашев және Ренат Гайсин жазған. Жобаға қатысқандар: Қайрат Баекенов, Мәдина Сәдуақасова, Заттыбек Көпбосынұлы, Бауыржан Исаев, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Әлішер Каримов, Сүндет Байғожин, Анна Уварова, Әділбек Байтанат және аты аңызға айналған Роза Рымбаева.

Шабыт берер бұл музыка – еліміздің тұтас мақтанышы: керемет спорттық жеңістерді, ғылымды, робототехниканы, медицина және білім саласындағы жетістіктерді, Қазақстанның сұлу табиғаты мен қоғамымыздың дамуын жырлайды.

Мәдениет қайраткерлерінің үні XXI ғасырдағы Қазақстанның тұрақтылығы, бірлігі және орнықты дамуы жайында жаңғырып тұрғандай.

Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: