Жаңалықтар тізбегі
0

"Заң бәріне ортақ". Мәдениет министрі танымал өнер қайраткерлерінің заңсыз әрекетін айыптады

Аида Балаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2024 16:22 Сурет: akorda.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кейбір қазақстандық өнер қайраткерлерінің заңсыз әрекеттері туралы айтты. Ол өзінің жазбасын 2024 жылғы 7 шілдеде өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қоғамды қарыштап өсіретін де, тұқыртып өшіретін де - мәдениет. Мәдениет тек өнер мен білім, озат талғам пен тазалық емес. Бұл, ең алдымен, адамның ішкі руханияты, халықтың өркениеттік болмысы. Ендеше, сол мәдениеттің туын көтеріп, өнердің тасын өрге домалатып жүрген әрбір майталман - елге үлгі, қоғамға бағдар болуы шарт. Өкінішке қарай, соңғы кезде мәдениет саласындағы белгілі азаматтарға қатысты жағымсыз оқиғалар, кейде тіпті заңсыз әрекеттер жиілеп кетті. Әрине, жеке-дара адам ретінде, қарапайым азамат ретінде кімге болса да пендешілік - тән қасиет. Адам болған соң қателесуің мүмкін, бірақ оның арты заңды аттауға бармауға тиіс. Өзін нағыз "мәдениет қайраткерімін" дейтін жан үшін танымалдық заңсыздыққа жол беретін құдырет емес. Олар қашанда ұлт мәдениеті дамуының қозғаушы күші саналады. Сондықтан олардың көпке ықпалы тек өнеге, насихат, жақсылыққа арқау болуға тиіс". Аида Балаева

Министрдің сөзінше, мәдениет қайраткерлері заң мен ұрпақ алдындағы осынау үлкен жауапкершілігін түсінуі керек. Лауазымына, танымалдылығына, қоғамдағы орнына қарамастан, заң бәріне ортақ. Ал мемлекет осы қағиданың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеді.

"Сөз жоқ, Ұлы Абайдан бері келе жатқан қоғамдағы надандықпен күрестің алдыңғы шебінде мәдениет майталмандары жүруі тиіс. Осы орайда мен баршамызды осыны ұмытпауға шақырамын!Біз құқықтық тәртіп пен өзара құрметке негізделген әрі мәдени құндылықтарымызды қастер тұтатын қоғамды бірге құра аламыз. Және бұл біздің болашағымыздың берік негізі бола алады деп сенемін", - деп жазды министр.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: