Жаңалықтар тізбегі
0

Аида Балаева Қазақстандағы өнер адамдарының мінез-құлқын бағалады

Аида Балаева Қазақстандағы өнер адамдарының мінез-құлқына баға берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 17:56 Сурет: Ұлттық экономика министрлігі
17 қазанда өткен үкімет брифингінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ өнерпаздарының сахнадағы тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Қазақстан әншілерінің сахнада, қоғамда өзін-өзі ұстау мәдениетін бұзу фактілері бар екенін айтты. Мысал ретінде олар жақында көлікті мас күйінде айдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған әнші Төреғали Төреәліні келтірді.

"Өнер адамы болсын, журналист болсын, министр болсын, әр адамның ішкі мәдениетіне байланысты. Бұл маңызды. Өнер адамы сахнаға шықса, өз көрерменін, тыңдарманын сыйлауы керек. Бізде туды балағаттап, сахнада балағат сөздер айтқан адамдар болды. Мұндайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", – деп жауап берді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Ал оның бағалауынша, мұндай жағдайлардың кең етек алу үрдісі жоқ.

"Әр өнерпаз немесе топ өз тыңдарманына құрметпен қарайтынын және оларды бағалайтынын білемін. Өйткені бұл оның мансабында ұзақ немесе қысқа жолды таңдағанын анықтайды", - деді министр.

2022 жылдың маусымында "Ирина Кайратовна" тобы мен рэпер Shiza-ның концертінде резонанс тудырған оқиға болды: рэпер сахнаға Қазақстан туын ұстап шығып, әдепсіздік танытты, балағат сөздер айтты. Қасындағы "ИК" тобының мүшелерінің бірі оған күліп, қатты айғайлай бастады.

Осыдан кейін сенат депутаты Нұртөре Жүсіп заңның мемлекеттік рәміздерді қорлауға қатысты баптарын барынша қатайтып, белгіленген айыппұлды екі есе көбейтіп, жаза мерзімін бес жылға дейін ұзартуды ұсынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: