Димаш Құдайбергеннің жаңа жобасында Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді

Димаш Құдайбергеннің жаңа жобасында Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 19:51 Сурет: dimashnews.com
Димаш Құдайбергеннің жаңа Voice Beyond Horizon жобасында Қазақстанның атынан Нұржас Садырбай өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Dimashnews.com хабарлауынша, 2026 жылы Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп дайындаған Voice Beyond Horizon атты жаңа халықаралық жобасы көрерменге жол тартпақ. Бұл ауқымды музыкалық шоудың қатысушылары – алты елден келген сегіз талантты әнші.

Қазақстан намысын аталмыш жобада әнші, музыкалық театр және кино актері, вокалдық шеберлігі мен сахналық әсерлілікті үйлестіре білген өнер иесі – Нұржас Садырбай қорғайды.

Нұржас 2000 жылы Үшқұдық қаласында дүниеге келген. 2019 жылы Науаи қаласындағы Мемлекеттік мәдениет және өнер колледжін "Академиялық вокал" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жоғары білімін ол Қазақ ұлттық өнер университетінде Асхат Маемиров шеберханасында "Музыкалық театр әртісі" мамандығы бойынша алды. Студенттік жылдарында-ақ кәсіби сахнада өнер көрсете бастаған. Оның алғашқы жарқын рөлдерінің бірі – "Ромео мен Джульетта" мюзикліндегі Ромео бейнесі.

2020 жылдан бері Нұржас Астана қаласындағы Мемлекеттік жас көрермен театрының артисті болып қызмет етеді. Ол "Қыз Жібек" операсындағы Төлеген, "Мадемуазель Нитуш" опереттасындағы Флоридор және "Шәмші" мюзикліндегі Ақан сері рөлдерін тамаша орындаған.

Романтикалық туындылардың нәзік лиризмін де, драмалық қойылымдардың терең сезімін де шебер жеткізе білетін Нұржас "Абай – Тоғжан" спектаклінде Абай рөлін, "Гаухартас" қойылымында Қайыркен бейнесін және басқа да көркем образдарды сомдады.

Кино саласында ол басты рөлді "Естай мен Қорлан" музыкалық көркем фильмінде ойнап, ұлы қазақ композиторы Естайдың бейнесін шынайы түрде сомдап шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: