Qazaqstan телеарнасы 16 желтоқсанда Димаш Құдайбергеннің концертін көрсетеді
Сурет: dimashnews.com
Qazaqstan телеарнасы Димаш Құдайбергеннің Stranger концертін көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәуелсіздік күніне орай Qazaqstan телеарнасының көрерменге ұсынар тартуы көп. Ал күннің басты көрсетілімі – Димаш Құдайбергеннің Stranger концерті.
Stranger - жай ғана музыкалық кеш емес, ұлттық әуез бен заманауи музыкалық техниканы бір арнаға тоғыстырған әлемдік деңгейдегі шоу.
Концерттің телевизиялық нұсқасын бүгін, сағат 22:20-да Qazaqstan телеарнасынан тамашалауға болады.
Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript