Қазақстанның Халық әртісі Людмила Турпаян-Ванюкова өмірден озды
Сурет: Telegram/madenietaqparat
Қазақстанның халық әртісі Людмила Турпаян‑Ванюкова 80 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабарды 2026 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді.
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР халық әртісі, "Құрмет" орденінің кавалері, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Людмила Николаевна Турпаян-Ванюкованың қайтыс болуына байланысты қайғыра көңіл айтады. Министрлік марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады",- делінген мәліметте.
Ведомствоның атап өтуінше, Людмила Николаевна бүкіл өмірін театр мен отандық мәдениетке қызмет етуге арнаған.
"Шығармашылық қызметі барысында ол 150-ден астам жарқын рөл сомдап, көрермендердің шынайы сүйіспеншілігіне және әріптестерінің үлкен құрметіне ие болды. Оның таланты, өнерге деген адалдығы мен жоғары кәсібилігі Қазақстандағы театр өнерінің дамуына айрықша үлес қосты. Людмила Николаевна туралы жарқын естелік оның шәкірттері, әріптестері мен сан мыңдаған жанкүйерлерінің жүрегінде мәңгі сақталады", – делінген министрлік хабарламасында.
Людмила Николаевна 1946 жылғы 19 мамырда Петропавл қаласында дүниеге келген. 1965 жылы Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры жанындағы студияны тәмамдаған. Ал 1968 жылдан бастап осы театрдың актрисасы болып қызмет атқарған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript