Семейде робот домбырамен Абайдың күйін орындады

istory.kz
Өнертапқыштар бұл еңбектерін Хәкім Абайдың 175 жылдығына арнап отыр.

Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы Бақытбек Орынбаев шәкірттерімен бірігіп домбырада күй тартатын роботты құрастырды. Өнертапқыштар бұл еңбектерін Хәкім Абайдың 175 жылдығына арнап отыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Күйші құлтемірді құрастыруға 2 айдай уақыт кеткен. Жаңа құрылғының ерекшелігі домбырадағы барлық пернені еркін басып, ішекті қалауынша қаға алады. Робот қазірдің өзінде Абайдың "Торыжорға" күйі мен халық әні "Еркем-айды" сәтті орындапты.

Бақытбек Нұрлыбекұлы бұған дейін басқа шәкіртімен бірлесіп осындай құлтемірге қара жорға биін билеткен еді.

Мирас Мұратханов, 10-сынып оқушысы:

- Бұл жобаны біз Абайдың 175 жылдығына орай жасап жатырмыз. Сондықтан біз оған бірінші ойнатқан күйіміз "Торыжорға" күйі болып табылады. Қазіргі кезде ол тек 5 күй орындап жатса да біз болашақта одан да көп күйлер орындатуға тырысамыз. Кез келген күйді ол берілген ноталардан оңай тарта алады. Ал бұрын болған робот ол тек бір күйді ойнай алды. Біздің артықшылығымыз да ерекшелігіміз де сол деп ойлаймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі