"Сарбаз" газеті 90 жылдығын атап өтті

90 жыл ішінде газет Қазақстандағы әскери баспа журналистиканың қалыптасуына сүбелі үлес қосты.

Еліміздегі "Сарбаз" республикалық әскери-патриоттық газетінің 90 жылға толуына орай редакция ұжымы басылымның негізін қалаған, басылымда еңбектері жарық көрген қаламы қарымды журналистерді еске алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

90 жыл ішінде газет Қазақстандағы әскери баспа журналистиканың қалыптасуына сүбелі үлес қосты. ҚР Қорғаныс министрлігі мерейтойға орай әскери журналистика саласындағы "Әскер Медиа-2019" сыйлығын тапсыру жөнінде шешім қабылдады. Оның тарихы Қазақ әскери комиссариаты мен "Еңбекшіл қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") баспасының "Qьsul әѕкег" қазақ әскери газетінен бастау алды. Ол аптасына бір рет латын қарпімен қазақ тілінде шығып тұрған. Кейін 1969 жылы 1 қарашада Алматы қаласында газет "Жауынгерлік ту" деген атпен жарық көре бастады. Сол кезде әр округте өзінің баспа органы, соның ішінде Орта Азия әскери округінде болды. 20 жыл газет әскер өмірінің жылнамасын жасады.

1989 жылдың мамыр айында округтің таратылуына байланысты басылымның шығарылуы да тоқтатылды, ал редакция таратылды. Тәуелсіздік алғаннан бастап баспа әскери журналистикада жаңа тарих басталды. "Жауынгерлік ту" газетінің негізінде ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық баспа органы – "Қазақстан сарбаздары - Воин Казахстана" газеті ашылды. Бірінші нөмір 1992 жылдың 16 желтоқсанында, сәрсенбі күні қазақ және орыс тілдерінде шықты.

"Қазақстан сарбаздары" еліміздің негізгі әскери басылымына айналды. Бірінші нөмірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті орын алған оқиғаның маңызын атап өтті.

"Газет республиканың қорғаныс мүдделерін және қарулы қорғаушыларын, оның Достастық мемлекеттерімен тиімді байланысын білдіруші болуға тиіс. Жастардың өз әскери борышын адал атқаруға ұмтылысын оятып, Отан алдындағы батырлық негізінде патриоттық рухта тәрбиелеу маңызды", - деп атап өтті Елбасы.

Газеттің бірінші редакторы подполковник Виль Рахманқұлов болды. Басылымда көптеген талантты және танымал журналистер жұмыс істеді. Олар - Сапарғали Жағыпаров, Григорий Красилов, Николай Завьялов, Николай Мальцев, Александр Бавтуто, Василий Даньшин, Людмила Бондарцова, бүкіл Орталық Азияда танымал әскери фототілші Виктор Дубровченколар. Газетте бұрынғы майдангер тілшілер - Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, белгілі жазушы, ақын Сағынғали Сейітов қызмет етті.

Қазіргі таңда редакция штатында 10 журналист пен облыстағы өңірлік өкілдер жұмыс істеуде. Газеттің бас редакторы Батырхан Қуатбектің басшылық етуімен газет өзінің болмысы мен әскери журналистика дәстүрін сақтай отырып, заманауилығы мен бәсекеге қабілетін жоғалтпаған. "Сарбаз" газетін оқи отырып оқырмандар әрқашан қазақстандық әскердің қызметі, әскери оқу-жаттығулар мен әскеи қызметшілердің жетістіктері жайынды ақпаратты оқып, өзге елдердегі әскер саласындағы оқиғалардан хабардар болып, Қазақстан Қарулы Күштеріндегі қару-жарақ пен әскери техникаға қатысты мағұлматтарды біле алды. Сонымен қатар газеттің электронды нұсқасы sarbaz.kz порталы мен мобильді қосымшасында қолжетімді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: