Димаш арманын орындап, құшағына алған қыз көз жұмды

Instagram
Қыз тоғыз жасынан бастап қатерлі дертпен күрескен. Бірнеше ота жасатып, химиотерапия курстарынан өткен.

Димаш Құдайберген Татарстандағы 21 жастағы жанкүйері Лейсан Сейтназарованың отбасына қайғырып, көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Татарстанда ауыр дертке шалдыққа қыз Димашпен кездескісі келетінін айтқан. Өз жанкүйерінің сөзін жерге тастамай, осы жылдың тамыз айында Димаш Қазандағы хосписке барып, онымен жолыққан еді.

Лейсан Димаштың концертіне баруды қатты армандаған, бірақ бесінші химиятерапия курсынан кейін оны орындау мүмкін болмады. Содан кейін волонтерлер Димашты хосписке шақырды. Димаш жұмысбастылығы, яғни концерттерінің дайындығына қарамастан Қазанға келді.

"Періштедей жүрегі таза Лейсан қарындасым туралы осы бойы ғана ауыр хабар естіп төбеме жай түскендей болды. Жатқан жерің жайлы, қараңғы жерің жарық болсын күндей күлімдеген алтын қыз...Барлық жақындарыңа Алла сабыр берсін. Шын жүректен қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Қыз тоғыз жасынан бастап қатерлі дертпен күрескен. Бірнеше ота жасатып, химиотерапия курстарынан өткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады