Қазақтың хит әндері неге қырғыз бен өзбектен ұрланады

Қазақ эстрадасының жұлдыздары, хитмендері Төреғали Төрәлі, Қайрат Нұртас, Ернар Айдар, Айқындардың өзі шетелдік әріптестерінің еңбегіне рұқсат сұрамастан ортақтасып жүр.

Біз хит деп жүрген қазақ әндерінің 90 пайызы плагиат екенін білесіз бе? Дені қырғыз, өзбек ағайындардан көшірілген екен. Шоу-бизнеске енді қадам басып жатқан жас әншілерді айтпағанда, қазақ эстрадасының жұлдыздары, хитмендері Төреғали Төрәлі, Қайрат Нұртас, Ернар Айдар, Айқындардың өзі шетелдік әріптестерінің еңбегіне рұқсат сұрамастан ортақтасып жүр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ютубты аралап, қазақтың әндерін саралап, жалпы бұл сюжетті дайындап бір нәрсеге көзім жеткені анық. Әншілеріміздің аудармашылары мықты жұмыс істейді екен. Шетелде бірнеше жыл бұрын шықса да, бірақ тыңдармандардың көңілінен шыға алмаған шығармалар жерде жатпау керек қой енді. Есесіне біздің елде хит болып жүр олар. Плагиат әндерден бір мысал. Көшті "Көк аспан" бастап тұр.

"Көк аспаннан жаңбыр баяу төгілгенде"
"Ақ бұлттардан әсем бейнең көрінгенде"


"Ай сұлу қыз қалың қалай? Көңіл ауды саған қарай"
"Өз еркіңе қарай, ашасыз қалай?"


"Ал сен қорқақсың, келе алмайсың"
"Сен жанымда менің мәңгі болмайсың ба?"

"Жүрегім менің молодой, достарым менің золотой, бауырларым бар дорогой, пах-шіркін ғажап қой"

"Тараз шаһардан, Шымкент шаһарға" деп тойларды шулатып жүрген "Диета кз" тобы да плагиат дегенді өте жақсы біледі. Негізі әуел баста Ләйлә Қашқар дариядан келін болып түсу керек екен.

"Тараз шаһардан, Шымкент шаһарға келін болып кеттің қалай, Ләйлә?"

"Шаршама тек шаршама, аяқ қолын талса да"

"Жұлқынып бір билейік, шаң шығарып ортада"

Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі, Мақпал Исабекова, Ернар Айдар, Асхат Тарғын, Абай Бегей, Серік Ибрагимов, Серікбол Сайлаубек, Бүркіт пен Аиша, Алишер Каримов айта берсең көп. Плагиаттың жілігін шағып, майын ішкен деп осы әншілерді айтсақ, қателеспейміз. Бұл тізімді жаңартып жүрген әріптестері де аз емес.

"Арман арман түзілер. Нұр ойнаған жүзіңе"

"Қарақат көзді қасыңа, қарайсың көңлің жай болып"
"Мен де, сен де қызғана біл"
"Асқар тауым да сен"
"Ардағым да сенсің"
"Арманым да сенсің"
"Даридай-дай,дай даридай, жарықсың жаным жаңа атқан таңымдай"

Қызығы хитмен Төреғали Төрәлі "ешкім білмей қалады деп ойладым" деп ақталса, Қайрат Нұртас "мұнда тұрған не бар? Біз олардан, олар керек болса, бізде көшірсін" деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Ал Төреғалидің сылтауына сенген Ернар Айдардың басы бәлеге қалды сонысы үшін. Әншіміз сотталып кете жаздады. Танымал болуына бірден-бір себепші болған "Күнім сен сөнбеші" әнінің ориганалын сіз де тыңдаңыз.

ӘЗІРБАЙЖАН

Эльнар Халил, әнші:

"Олар бізде ақша жоқ, кешіріңізші, жаспыз ғой, өтінеміз сотқа бермеңіздерші деп жалына бастады. Шынымды айтайын, оларды аяп кеттім"

Әншілеріміз ақша жоқ деп кешірім сұрап, жалынатындай бір әнді жазу үшін қанша кетеді сонда?

"Музыкасы, мәтіні, әнге аранжировка жасау, оны өңдеуін бар, бэк-вокал жалпы жиыны бір әнге 600 мың теңгедей кетеді екен. Былай қарасаң, аз сомма емес. Бір-ақ бір тойдан 10 мың долларлап олжа табатын біздің әншілер үшін бұл қаражат қиындық туғызады деп айтуға ауыз бармайды."

Алайда өзбек пен қырғыздың еңбегіне ортақтасып жүрген әншілеріміз өз алдына, батыстың танымал хиттерін аударып, халықты алдап жүргендер де бар екенін білесіз бе?

"Шашыңды да түйгенің, үстіңе де кигенің, мың бұралған билерің, әдемі, әдемі, әдемі"

Қазақтың мотивіне өзгертіп айтыпты бірақ. Танымадыңыз ба?

Әйтеуір бір қуантарлығы, аударылған, көшірілген нұсқасы оригиналынан әдемірек, өтімдірек шығыпты. Бірақ, қалай болғанда да, біреудің еңбегіне ортақтасып, оны өзімнің туындым деп шырқап жүру қалай алып қарасаң да ұят қой.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: