ҚР Үкіметі Қаулысымен Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына арналған "Ұлық Ұлысқа" дайындық пен оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Жоспарға 40 түрлі іс-шаралар, оның ішінде "Батыс Қазақстанның Алтын Орда дәуіріндегі ежелгі керуен жолдары мен керуен-сарайлары: керуен сарайлар мәліметтері базасын зерттеу және құру" жобасын іске асыру кіреді, сонымен қатар:
- Алтын Орда кезеңіндегі Сарайшық қалашығын қалпына келтіру бойынша археологиялық жұмыстар жүргізу (2020 жылға - 29,7 млн теңге, 2021 жылға - 21,1 млн теңге, 2022 жылға - 19,2 млн теңге);
- "Жошы хан" кесенесінің жанында туристік кешеннің құрылысы (800 млн теңге);
- ҚР Ұлттық музейінде "Алтын Орда және Қазақ хандығы залдары" экспозициясын құру (175,1 млн теңге);
- "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығының қабылдау орталығының құрылысын аяқтау және абаттандыру (150 млн тг. + 180 млн теңге);
- Ұлттық және халықаралық іс-шараларды, оның ішінде көшпенділердің мәдениеті, Жезкиік-2020, Ұлытау-2020 музыкалық фестивальдерін ұйымдастыру (РБ - 174 млн теңге, ЖБ - 248 млн теңге);
- ҚР Ұлттық мұражайында "Алтын Орда: Мемлекеттік Эрмитаж коллекциясынан" көрмесін өткізу (170,4 млн теңге);
- Алтын Орда, Жошы хан, Алаша хан және басқалары туралы деректі фильмдердің ғылыми-танымдық циклы (132,8 млн теңге);
- Нұр-Сұлтан қаласында Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасына арналған қорытынды халықаралық конференцияны өткізу (52 млн теңге);
- Ұлытау ауылы маңында туристерді қабылдайтын этно-ауыл құру (350 млн теңге);
Жалпы, "Ұлық Ұлысты" тойлауға қажетті іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін 3,5 млрд теңге қажет болады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда қазақтардың мәдени коды боп табылатынын айтқан болатын. Оның айтуынша, "жас ұрпақты патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу үшін Ұлытаудың тарихы мен мұрасын пайдалану қажет".