Димаш Ресейдің атынан "Евровидениеге" қатысқалы жатқан жоқ - ресми өкілі

видеодан алынды
Желіде кезекті тағы бір фейк жарияланды.

Ресейлік сайт "Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген Ресей атынан "Евровидение-2020" байқауына қатысқалы жатыр" деп ақпарат жариялаған. Осылайша Димаш есімінің "Евровидениеге" қатысуға үміткерлер арасында пайда болуы жанкүйерлерді елең еткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Димашты "орыс музыкасының болашағы" деп атап, оның Ресей атынан халықаралық байқауға қатыстырып, жеңіске жететінін болжайтын мақала жарияланғанда қазақстандықтар бұған онша сенбеді. Өйткені, Димаш көптеген елдердің продюсерімен және композиторларымен әріптесе жұмыс істейтінін бәрі біледі. Ақыры бұл сыбыс әншінің баспасөз қызметіне де жетіпті.

- Желіде кезекті тағы бір фейк жарияланды. Димаш "Евровидениеге" қатысады екен, өтініш беріпті, қатысушылар тізіміне ілініпті және тағы басқа деген. Әншінің ресми өкілі ретінде мен бұл ақпаратты жоққа шығарамын. Димаш Құдайберген "Евровидение" байқауына қатыспайды. Қазір ол Ресейдегі және Еуропадағы жоспарланған концерттеріне дайындалып жатыр, - деді Димаштың және "ДимашАли" шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі