Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы екі жаңа залмен толықты

Алматы ТВ
Соңғы жылдары музей қорын толықтыру мақсатында әлем халықтарының аспаптарын музейге жинастыру жұмысымен айналысып жатыр.

"Азия мен Еуропа халықтарының музыкалық аспаптары" қосымша залдары келушілердің санын арттырып, музейдің туристік ортаға айналуына жол ашпақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі таңда мұражай қорында 1000-нан астам музыкалық аспаптар сақталған. Келушілерге экспонаттар жайында толық мағлұмат беру үшін мәдениет ошағы заманауи ақпараттық және бейне құрылғылармен жабдықталған.

"Соңғы жылдары музей қорын толықтыру мақсатында әлем халықтарының аспаптарын музейге жинастыру жұмысымен айналысып жатыр. Қазақстанда өзге елдің елшіліктерімен тығыз қарым-қатынас орнатылды. Соған байланысты Қазақстандағы басқа елдің елшіліктірінен сыйға музыкалық аспаптар алынды", – деді Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайының директоры Рүстем ҚАЙРАТҰЛЫ.

Сондай-ақ Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында қорда сақталған аспаптардың дыбысын қайта жаңғырту үшін "Жәдігер" атты музыкалық антология жарыққа шықты. Антология авторлары дәстүрлі өнер майталмандары музейде сақталған ірі тұлғалардың домбырасымен, олардың белгілі бір шығармасын орындап, дыбыстарын қайта жазып шыққан.

"Антологиялық жинақта көрсетілген Құрманғазының, Абай, Ақан сері, Қазанғаптың 40-тан астам домбырасы осы музейде сақталған. Сол аспаптарды қайтадан қалпына келтірдік. Шараның басты мақсаты – бай мұрамызды насихаттау, оны болашақ ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп, мүмкіндігінше насихаттау болып табылады", – деді қала әкімі орынбасарының кеңесшісі Данияр ӘЛИЕВ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы