Қазақстанда ЖОО-лар қашықтықтан оқытуға көшуге дайын

24.kz
Университеттер де алда-жалда инфекция өршіген жағдайға дайындалып, қашықтықтан оқытуға көшу жайын қарастырып жатыр.

COVID-19 вирусы әлемнің 70-тен астам елінде тіркелді. Осыған байланысты Қазақстанда профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Университеттер де алда-жалда инфекция өршіген жағдайға дайындалып, қашықтықтан оқытуға көшу жайын қарастырып жатыр.

Біз толықтай дайынбыз, онлайн форматқа және қашықтықтан оқыту дегенге. Өйткені бізде бүған дейін де осы негізген арналған арнайы платформа жұмыс істеп тұрған, оны, міне үшінші жыл қолданып жүрміз. Күндізгі бөлімдегі дәріс пен семинарларға ұзақ уақыт кетіп қалады, сондықтан біз одан алшақтап жатқанбыз, оның орнына бізде тек байланыс сағаттары бар. Біз, әрине, пікірталасты онлайн режимде күнтәртібіне шығарып, талқылайтын боламыз, - деді М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің проректоры Сергей Пен.

Сонымен қатар, КАЗГЮУ студенттеріне бұдан бөлек қорғаныс маскалары тегін таратылып беріледі. Студенттер сабаққа дайындалып жатқан залдарда қолды жууға арналған антисептик құрылғылар тұр. Барлық жерде алдын-алу шаралары мен коронавирус белгілері туралы ескертулер бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты