Алматыда жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты ашық талқылау өтті

видеодан алынды
Жиынға қатысқан филологтар мен тіл жанашырлары бірнеше ұсыныстар айтты.

Латын графикасына көшкенде қазақ тілінің әліпбиі мен грамматикасы емлеге бағынуы керек. Сонда ғана ана тіліміздің ерекше өзіне тән табиғаты сақталады. Бүгін ғалымдар жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты ашық талқылау өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға қатысқан филологтар мен тіл жанашырлары бірнеше ұсыныстар айтты. Сөздерінше, әліпбидегі әріптерді дұрыс таңбалау қажет. Сонда ғана қазақ тіліне тән әріптер қолданыстан жойылмайды және мәнін жоғалтпайды.

"Ережені біз әлі бұзыңқырап келе жатырмыз. Өйткені бұрынғы орысша таңбалау ережелері санымызда бар. Сондықтан, кейбір сол ұсыныстарда көрініс тауып жатыр. Біз ғалымдар олай болмайды деп айтамыз. Біріншіден, бір таңбамен ғана таңбалау керек деп біз оны қазір орнына келтірдік", – деді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден ҚАЖЫБЕК.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады