Карантин режимін бұзған әнші Ернар Айдар өз-өзін ұстап берген

polisia.kz
Бұл топты Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстады.

Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, әнші мен тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойынын ұйымдастырған.

Бұл топты Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстады. Негізгі іс осы бөлімнің өндірісіне алынған. Полиция өз құзіретіне сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР ККАП-тің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды, - деп хабарлады Медеу ауданының полиция бөлімінің бастығы Болат Тотыбаев.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Полиция төтенше жағдайлар мен карантин режимін бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, 15 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз