Атақты шоуға қатысып жатқан Данэля эксклюзивті сұқбат берді

Қаңтар айының ортасында осы жобаға қатысу үшін маған шақырту қағазы келді, әрине ол көп ойлануды, ұзақ талқылауды қажет етпейтін мәселе еді.

26 мамырда АҚШ-тың NBC және 29 мамырда Ұлыбританияның Netflix телеарнасында басталған America's Got Talent шоуының бірінші кезеңінен сәтті өтткен 13 жасар Данэля Төлешова zakon.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

- Американың Got Talent жобасына қатысу туралы қашан шешім қабылдадың? Бұл ой қалай туды?

- Қаңтар айының ортасында осы жобаға қатысу үшін маған шақырту қағазы келді, әрине ол көп ойлануды, ұзақ талқылауды қажет етпейтін мәселе еді. Мұндай мүмкіндікті қалай жібересіз? Меніңше, кез-келген өнерпаз үшін Американың Got Talent бағдарламасына қатысу - кәсіби өсу үшін үлкен мүмкіндік, өйткені кіл мықтылар жиналған кәсіпқойлармен бірге бұл платформада өсу және кәсіби білігіңді шыңдаудан басқа амал да қалмайды. Осындай тәжірибе алу мүмкіндігі мен шоуға деген қызығушылық, әрине маған ерекше шабыт берді.

- Орындаған әніңе көрермендер зор қошемет көрсетті. Қалай болды өзі, сахнада қатты толқыдың ба?

- Шынымды айтсам, сахнаға шықпас бұрын мен әрдайым қатты толқимын, залда қанша адам болуы маңызды емес, бастысы көрерменге жеткізгіңіз келген энергияны олар сезінсе деп барымды саламын. Мен үшін бұл өте маңызды. Әрине, қазылар алқасы да қобалжуыма қамшы басты (күлді): Мен Саймон Коуэллдің реакциясынан қатты қорықтым, ол кісі не дейді екен деп іштен тындым, бұл мен үшін керемет бедел. Бірақ содан кейін ән айтуым керек болды, ән салдым да, содан кейін бәрі қалпына келіп, жақсы болып кетті.

- Шоуға қатысып жатқан басқа өнерпаздармен таныстыңыз ба? Сахна сыртында олар бір-бірін қолдайды деген рас па?

- Менің олармен танысуға, шынымды айтсам, уақытым аз болды. Бірақ, әрине білемін, олардың барлығы мықты, оны сахна сыртындағы атмосферадан бірден сезуге болады!

- Басқа елдің тағы қандай өнерпаздары бар?

- Иә, бар, оларды эфирде және YouTube-тағы ресми шоу арнасынан көрәп, танысуға болады.

- Шоуда орындаған әнді қалай таңдадыңыз?

- Маған әнші Faouzia әндері, вокалы қатты ұнайды, композицияның өзі сан түрлі, сол арқылы мен төменгі регистрді, ритективті, мелисматикалық және жоғарғы диапазонды көрсете алдым. Қазылар алқасы мен залдағы көрермендер мұны байқап, бағалағаны өте қуаныштымын, бұл өте әсерлі әрі сезімге толы ән болды.

- АҚШ-та тұратын қазақстандықтар сізді қолдады ма?

- Инстаграм мен YouTube-гі дайрегіме көптеген отандастарымнан, шетелде тұратын қазақстандықтардан және әлемнің түкпір-түкпіріндегі әнсүйер қауымнан көп хат келеді. Мен оның бәріне жауап бере алмағаным үшін бірден кешірім сұраймын, әсіресе 1 тур видеосы жарияланғаннан кейін: біз хабарламаны топпен бірге қабылдаймыз, бірақ соның өзінде қолдау білдіргендердің бәріне жауап бере алмай жатамыз. Барлықтарыңызға шын жүректен ризашылығымды білдіремін, мұндай қолдау маған ерекше шабыт береді. Осындай сәттерде өзіңді жалғыз сезінбейсің мұндайда және айналада қаншама тамаша адамдар барын білесіз.

- Американың Got Talent шоуының биылғы форматы қандай? Ол қанша турдан тұрады?

- Бұл 15-ші маусым және шоудың тарихы бай, жылдан-жылға бірыңғай форматқа ие. Биыл пандемияға байланысты бірқатар өзгеріс болуы мүмкін, бірақ біз одан хабарсызбыз. Біз үнемі продюсерлермен байланыста боламыз, барлығы жақсы, қатысушыларда мәселе туындамас үшін олар бізге мүмкіндігінше көмектесуге тырысады.

Альберт Ахметов

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: