10 тамыз демалыс күні болып саналады ма - ресми орган жауабы

ia-centr.ru
Көпшілікті осы сұрақ қызықтырады.

Елімізде Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен 10 тамызда жаңа мереке - Абай күні атап өтілетін болды. Көпшілікті бұл күн демалыс күні ретінде саналады ма деген сұрақ мазалайды. Анықтағанымыздай, бұл күні қазақстандықтар демалмайды екен, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады. "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, ұлттық және мемлекеттік деңгейде атап өтілетін күндер мереке әрі демалыс күні болып саналады.

16-17 желтоқсанда атап өтілетін, 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні ұлттық мерекеге жатады. Мемлекеттік мерекелерге Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушы күні, Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні кіреді.

Сондай-ақ, кәсіби және басқа да мерекелер бар, мысалы Алғыс айту күні, Геолог күні, Полиция күні және т.б. Бұл - демалыс күндеріне жатпайтын мерекелік даталар. Абай күні де осы мерекелер тізіміне енеді, сондықтан ол демалыс күні болып саналмайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз